Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жыл басынан бері ОҚО-да мал ұрлығымен айналысқан 20-дан аса қылмыстық топ ұсталды
    Жаңалықтар

    Жыл басынан бері ОҚО-да мал ұрлығымен айналысқан 20-дан аса қылмыстық топ ұсталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа22.10.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысқан 20-дан астам қылмыстық топты құрықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    «2016 жылдың 9 айы көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында мал ұрлығымен айналысқан 20-дан астам қылмыстық топты құрықтады. 150 мал ұрлығына қатысы бар 70-тен аса күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тартты», — делінген хабарламада.

    Мәселен, Түлкібас ауданында криминалды полицияның жедел уәкілдері Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында орын алған 18 мал ұрлығы жайтына қатысы бар, құрамы 5 өкілден тұратын қылмыстық топты құрықтады.

    Сонымен, биыл тамыз айында Түлкібас ауданындағы ауылдардың бірінде күдіктілер мал иесінің жоқтығын пайдаланып, жайылымнан құны миллион теңгеге жуық болатын, 37 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі 4 бас жылқыны қолды қылған.  Ал Төлеби ауданында мал ұрлықшылар ерікті жайылымнан құны миллион теңгеге жуық болатын 7 бас малды ұрлап кеткен.

    Полицейлер күдіктілерден айғақты зат ретінде барлығы ұрланған 50 бас мал тәркілеген.  Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданында тағы бір 15 мал ұрлығы жайтына қатысы бар, құрамы 5 азаматтан тұратын қылмыстық топтың ісін әшкереледі. Күдіктілерден 5 бас мал тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.

    Бақылаусыз жүрген төрт түлік мал  ұрлықшылар  үшін оңай олжа болып отыр. Мал иелері көбінде өз мүлкін сақтауға салғырттықпен қарайды екен.

    Сонымен, ауыл тұрғындары далаға немесе жайылымға малдарын қараусыз жібере салады, ал оның ұрланғанын бірнеше уақыттан кейін ғана байқайды. Тіпті содан соң да ішкі істер органына дереу хабар бермей, өздігінше іздеуге кіріседі. Ал бұл уақыт ішінде қылмыскерді табудағы іздер жойылып, қылмыстың ашылуын қиындатады.

    Сонымен қатар, мал иелерінің таңба басу мен сырғалауды ұмытуы малдарды тануға кедергісін келтіреді.

    Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал иелеріне жайылымға кеткен малдарын бақылаусыз қалдырмауын сұрайды. «Жоғалу немесе ұрлану жайты орын алғанда дер кезінде полицияға арызбен келуі немесе «102» телефонына хабарласқаны абзал», — дейді тәртіп сақшылары.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.