Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жансейіт Түймебаев өңір кәсіпкерлерімен кездесті
    Жаңалықтар

    Жансейіт Түймебаев өңір кәсіпкерлерімен кездесті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.10.2016Updated:20.10.2016Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Сәрсенбі күні облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі бизнес өкілдермен кездесу өткізді. Жиынға 160-тан астам шағын және орта бизнес өкілдерімен қатар, ірі кәсіпкерлер де қатысты. Бейресми кездесудің басты мақсаты – аймақтағы кәсіпкерлермен жақын танысып, осы салада қордаланған өзекті мәселелерді ортақтасып шешу болып табылады.

    Жиында облыс әкімі өңірдің индустриалды-инновациялық даму жұмыстарында Елбасының берген тапсырмаларын толықтай орындап, бұл ретте, қағазбастылықтың азайып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін айтты. Аймақ басшысының кәсіпкерлікті қолдауға айрықша көңіл бөлгені жиналғандарды қуантып, өздерін алаңдататын мәселелерді әкімнің тікелей алдында баяндады.14706958_1091486827634322_8183332410601810573_oАтап айтар болсақ, «Диойлгаз» компаниясының жетекшілігі «Тассай» индустриялды аймағынан бөлінген жер телімінің құжаттарын рәсімдеудегі қағазбастылық пен оны беруді кешеуілдетіп жатқанын айтты. Өз кезегінде, осы мәселе бойынша жауап берген облыс әкімі таяуда 14 қаулыға қол қоятынын, онда аталған «Диойлгаз» компаниясының да бар екенін жеткізді. Мұнан бөлек, апта соңына дейін жер учаскесін беру бойынша қаулының дайын болатынын айтты.

    Кездесу барысында айтылған және сол жерде шешімін тапқан мәселелердің бірі «Марай Е 7» және «Карлс Крона» кәсіпорындарының электр энергиясымен қамтылмай отырғаны еді. Мәселеге қанық болған Жансейіт Түймебаев 3 тәулік аралығында аталмыш кәсіпорындарға электр қуатын жеткізуді тапсырды.

    Бұдан өзге, отырыста инженерлік коммуникациялар мәселелері мен өнімді өткізу, шет елден келетін жұмысшыларға виза алу мәселелері сынды кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін көптеген проблемалар қозғалды.

    Жиын қорытындысы бойынша, облыс әкімі жүйелі түрде жұмыс жасауды және облыс әкімінің жанынан кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырды. Сондай-ақ, айына бір рет кәсіпкерліктің түрлі салаларына байланысты бизнесмендермен жиын өткізуді ұсынып, мемлекет пен кәсіпкерлік құрылымдары күштерін біріктіретін болса, күткен межені бағындыруға болатынын баса айтты.

    Отырыс нәтижесін бойынша Жансейіт Түймебаев белгілеп берген бірқатар тапсырмалар мынадай:

    Бірінші. Кәсіпкерлердің күрделі мәселелерін жинақтап, облыс әкімінің жанынан құрылған кәсіпкерлер кеңесінде шешім шығару;

    Екінші. Оңтүстік Қазақстан облысында шығарылатын тауарлар мен қызмет түрлерін дамыту бойынша жұмыс тобын құрып, өнімдерді республикалық, халықаралық көрмелер мен форумдарда және де өзге де іс-шараларда көрсету;

    Үшінші. Астана мен Алматы қалаларында үздіксіз жұмыс істейтін сауда-көрме орталығын құрып, онда Оңтүстік Қазақстан облысының өнімдерін өткізіп, саудалау;

    Төртінші. Мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысын электронды форматқа көшіріп, құжат айналымын өзгерту. Облыс әкімдігі барлық рұқсат етілген құжаттардың мерзімін қадағалап отырса, мерзімінен кешіккен аудан әкімдіктері мен қала әкімдіктері немесе мемлекеттік органдар жауапкершілікке тартылатын болады;

    Бесінші. Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілгін дамытып, әлеуметтік-мәдени салаға қолдау көрсету;

    Алтыншы. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігіне айрықша назар аударылады. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда нақты шаралар көрілетін болады;

    Жетінші. Білікті кадрларды даяулаудың нәтижелі жүйесін құру үшін жергілікті ЖОО мен колледждерді тарту керек. Сонымен бірге, дуальді оқыту жүйесін дамыту үшін индустриалды аймақтарда колледждер өкілдігін құру жайын қарастыру тапсырылды. Сондай-ақ, әкім кәсіпорындардың қажеттілігіне байланысты тікелей грант бөліп, осы мәселені қайта қарауды жүктеді;

    Сегізінші.  Кәсіпкерлік саласында алға қойылған мақсаттарды орындау үшін өңірдің стратегиялық жоспарын әзірлеу керек.

    Жиналыс барысында көтерілген барлық мәселелер облыс әкімінің жіті бақылауына алынды.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.