• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 9, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ мемлекеті Ұлытаудың арқасында сақталған

14.10.2016
0

Биылғы Ұлытау экспедициясы 2014 жылғы 11 тамыз бен 22 тамыз аралығында өткен болатын.

Мақсаты — Ұлытау мәдени-тарихи және рухани мұрасын жаңғырту, дамыту, көпшілікке тарату және аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізу.

«Біз Ұлытаудың туристік бағыттарын жасақтадық. Ондағы тарихи орындар мен ескерткіштер тарихи-мәдени маңызға ие. Жошы мен Алаша хандардың зираттары сонда орналасқан. Домбауыл кесенесі де сонда. Ол жерлерді біз картада белгілеп қойдық, көлікпен бару үшін GPS тректер салдық. Қазақ мемлекетінің 550 жылдығы қарсаңында бұл өте керек дүниелер», — дейді Сәулет Сәкенов.

Оның айтуынша, Ұлытау өз кезенінде қазақ халқы үшін белгілі орын болды, өйткені сыры бар өлкенің қасында көптеген тарихи ескерткіштер орналасқан.
«Бұл өңір қызықты жайттарға толы болып шықты, мұнда тарихи ескерткіштер көп. Ертеде негізгі тарихи оқиғалар Түркістан мен Ұлытау аралығында болған. Қазіргі Алматы мен Астана аралығындағы жолдың бойында тарихи ескерткіштердің көп болатыны содан», — дейді экспедиция жетекшісі, Қазақстан ұлттық география қоғамы директорының халықаралық қатынас әрі ғылыми жобалар жөніндегі орынбасары Сәулет Сәкенов.

Ғалымның айтуынша, Ұлытаудың қазақ халқы үшін тарихи, мәдени маңызын бағалау мүмкін емес.
«Қазақ мемлекетінің 550 жылдығын тойлауды осы жерден бастау керек. Себебі қазақ этносының шоғырланған орталығы осында болды, хандарымызды Ақ киізге отырғызған жер, қазақ тілінің байыған тұсы да осы Ұлытау. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтар шегінуге мәжбүр болып, Ұлытау өлкесін паналады. Кейін қалың күш жинап, бостандық үшін күресті. Жоңғарларды ойсыратқан екі ірі соғыс осы Ұлытауда болыпты. Ұлытаудың арқасында Қазақ мемлекеті жойылған жоқ», — деп түйді ойын Сәулет Сәкенов.

Қазір Ұлытау экспедициясы туралы «Белгісіз Қазақстан» сериясынан деректі фильм дайындалып жатыр.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ КІМ?

АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ КІМ?

Айғақ медиа
04.06.2026
0

Уақыттың аздығы алтын жүлдеден айырды. Осылай деген Шымкенттік жас балуан құрлықтық додада қарсыластарына оңайлықпен жол берген жоқ. Вьетнамның Дананг қаласында...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.