Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі сотқа арызданып жүр. Бұл туралы облыстық соттың ресми сайтында жарияланды деп жазады Рейтинг газеті.
Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің әйелі Альбина Елшиева осы жылдың 17 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратын өзін жұмыстан заңсыз босатты деп айыптап, қызметін қайта қалпына келтіруді талап етіп сотқа берді. Іс судья Е.Агмановтың өндірісіне алынғанымен шағымданушы 5 тамызда арызын қайтып алуына байланысты іс қараусыз қалдырылған. Алайда Альбина араға 10 күн салып сол Қаратау аудандық сотына қайта арызданған. Бұл арызы да алғашқысына ұқсастау, тек қосымша ОҚО әкімі аппаратының өзін заңсыз босатқанын мойындауын талап еткен. Судья да ауысқан — А.Сапашев.