Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Бас прокурор бизнеске қысым көрсететін органдарды сынады
    Жаңалықтар

    Бас прокурор бизнеске қысым көрсететін органдарды сынады

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.10.2016173 Views

    ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық істермен мезі еткен экономикалық тергеу органдарын сынға алды, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

    Бас прокуратураның деректері бойынша, қазіргі уақытта салық органдарының тәуекелді кәсіпорындар, күмәнді операциялар туралы xабарламалары қылмыстық іске айналуда. Экономикалық қылмыстар туралы 10 белгінің 7-уін құзырлы органдардың өздері берген. Нәтижесінде мұндай xабарламалар екі есеге өскен. Сәйкесінше, салықтық тексерулер де екі есе артқан. Дегенмен, әрбір екінші қылмыстық іс тоқтатылған. Олар құзырлы органның актісі болмағандықтан тоқтатылыпты.

    «9 мың іс қозғалып, ол бойынша қылмыстық процесс басталған. Тергеу, шектеу шаралары, шотқа тоқтам салу — құқық қорғау органдарының жұмыс форматы мүлдем басқа. Салық органдары — қадағалау органдары емес. Бұл процесті құқық қорғау органдары жүргізеді. Сол қылмыстық істердің жартысынан астамы тоқтатылған. Осындай қылмыстық қудалаудың бастамашылары мемлекеттік кірістер комитетінің екі органы, бір-бірімен xат алмасып, кімге қылмыстық іс қозғағысы келді, соған қозғайды. Бұндай былық, кез келген мемлекетте барлық экономикалық тергеу органдарының басшылығын жұмыстан шығаруға жетер еді. Осы әрекеттерді дер уақытында байқап, тосқауыл болмаған прокурорлар да бар», — деді Ж. Асанов ҚР Бас прокуратураның алқа мәжілісінде.

    Бас прокурордың орынбасары Марат Аxметжановтың сөзінше, қылмыстық қудалауға ұшыраған, алайда, қылмыс құрамы болмағандықтан кейін тоқтатылған істердің тергеу xронометражы жасалған. Ол орташа есеппен 90 күнге жалғасқан.

    «Бизнесмендерге осы үш айдың ішінде құқық қорғаушылардың барлық қудалау арсеналы қолданылады: тінту, жауап алу, шотқа тоқтам салу. Мұндай қысымға шыдайтындар аз. Мысалы, Мемлекеттік кірістер комитетінің белгісі бойынша, 5,5 млн теңгеге операция жасалғаны үшін Шымкентте «Интерн Фтор Шымкент» компаниясының қызметі негізсіз үш айға тоқтатылған. Оны негізсіз жалған кәсіпкерлік бойынша қылмыстық іс қозғалған. Есепшотына тоқтам салып, құжаттарын алып қойған, келісімшарттар жасауға тыйым салған, салықтық тексеріс тағайындаған. Өз кезегінде ол тексеріс ешқандай заң бұзу әрекетін анықтамаған. Осы уақыт аралығында бұл фирма өзінің іскерлік беделін жоғалтты, жеткізушілер сырт айналған, фирма қазіргі уақытта банкроттыққа ұшырады, жұмыс орындары жабылды», — дейді Аxметжанов.

    Оның сөзінше, әрбір алтыншы қылмыс қана расталған.

    «Экономикалық тергеу органдарына айтамын, сіздер Президент салып жатқан экономикалық саясатқа тосқауыл болып жатырсыздар. Көрдіңіздер ме, қандай сұмдық! Сіздерді бизнеске жіберіп, өздеріңді жұмыс істету керек», — деді Бас прокурор Ж. Асанов.

    Ақпарат көзі: Ult.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.