• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бас мүфти 8 балалы отбасыға баспана сыйлады

05.10.2016
0

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын 8 балалы отбасыға баспана сыйлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

8b0f5ff0c943f67fd4dd578f31d0699a

Алматы облысында 2 бөлмелі пәтер жалға алып, күн көріп жүрген отбасының тағдыры туралы алғаш болып телеарналарда айтылған болатын. Дін қызметкерлері көпбалалы ананың жағдайы туралы материалды көрген соң бұл мәселеге бей-жай қарай алмады. Нәтижесінде баспананы армандаған көпбалалы отбасы үйлі болды. Жаңа үйге көшкен отбасына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы барып, жағдайларымен танысып, үйде тұтынуға қажетті дүниелерді сый ретінде табыстады.

«Бүгін ақ түйенің қарыны жарылған күн. Өйткені, отандық телеарналардан көмек сұраған көпбалалы ана туралы жаңалықты көргенен кейін, қол ұшын созып жәрдем береміз деп шештік. Екі жарым айда осы үйді салып, отбасының игілігіне беріп отырмыз. Бұл атқарып жатқан игі жұмыстарымызды көпшілікке көрсетпеуімізгеде болатын еді. Бірақ, бұл жұмыс басқа қалталы азаматтарға ғибрат болса екен деген ниетіміз бар. Алла Тағала осы жанұяға береке берсін. Кіштентай бүлдіршіндер халқына қызмет ететін азамат болсын», — деп батасын берді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Бұған дейін пәтер жалдап, өмірдің тауқыметін сезінген көпбалалы отбасының отағасы Марат Байсынов Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына алғыс айтып, ризашылығын жеткізді. Жаңадан тұрғызылған 5 бөлмелі үй қаланың шет жағында, Нұра елдімекенінде орналассада, отбасы өз үйінің бар болғанына қуанып отыр.

 

Баспана қиындығын бастан өткізген Гүлнұр Рахымжанқызының қуанышында шек жоқ. Өйткені, енді ел қатарлы өмір сүріп, балаларым қоғамға пайдалы азамат болып өссе дейді. Қуаныштан көзіне жас алған көпбалалы ана Діни басқарма қайырымдылық аясындағы шаралардан қалдырмай қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді.

Өз сөзін үйге қалай қол жеткізгенінен бастаған ананың көзінен қуаныштың нұры анық сезіледі. Үйлі болған ана балалар өз шаңырағынан шығып мектепге барғанға қуанатынын айтады.

«Имамдар келіп үй салып береміз дегенде қатты қуандым. Қуанышты хабарды балаларға келіп айтқанымда «уақытында көреміз ана, асықпаңыз» деді. Бірақ, үй салынып болған соң алғаш қоныстанғанымызда балалардың шаттығында шек болған жоқ. Балалар өз үйінен шығып мектепге барғанға риза. Мектепке дейінгі дайындық сыныбында оқитын Рамазан есімді балам жексенбі күні «ертен сабаққа барамын» деп қатты қуанады. Бұдан асқан бақыт барма?! Бір аралықта күйеуім ауырып, төсектен тұра алмай қалғанда қатты қиналдық. 15 жыл пәтер жалдап тұрдық. Ізгі жандардың демеуімен енді бәрі артта қалды. Иманды, мейірімді жандарға алғыс айтамын», —  дейді көпбалалы ана Гүлнұр Рахымжанқызы.

Бұл отбасы үшін енді бәрі артта қалды. Себебі бүгінде ол жаңа баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауда. Тек қана баспана емес, отағасының ауыл шаруашылығымен шұғылдануға ниеті барын білген дін қызметкерлері бұзаулы сиыр да сатып әперген. Үй шаруасымен айналысатын отағасы 2-топтағы мүгедек. Ал, жұбайы Гүлнұр Рахымжанқызы қалада бір мекемеде тазалықшы болып жұмыс жасайды. Енді дін қызметкерлері көпбалалы ананы жақын жердегі мекемелердің біріне тұрақты жұмысқа орналастырып бермек.

Нұра елдімекенінде үй ауыз су, жарық секілді мәселе өз шешімін тапқан. Жаңа қонысқа көшкен отағасы енді үйінің алдына қақпа орнатуды жоспарлап отыр. Үй үлкен жолға жақын орналасқан және мал шаруашылығымен шұғылдануға қолайлы.

Игі шараға Бас мүфтимен бірге Талғар ауданы, Нұра ауылдық округінің әкімі Данияр Күнгей, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын, «Зекет» қорының директоры Әлішер Спанов қатысты.
Дереккөз Kaz.tengrinews.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.