Министрдің айтуынша, ҚР Үкіметінің тамыз айында өткен отырысында берілген тапсырмаға сәйкес, игерілу жаңа кесте бойынша жүзеге асырылып жатыр.
«Жалпы жыл соңынан 52 млрд теңге таяу айларға ауыстырылды (тамыз-қыркүйек). Осылайша, төлемдер кестесі түзетілді және бүгінде қолайлы болып есептеледі», – деді Б.Сұлтанов.
Министрдің мәліметіне сәйкес, 330 млрд теңге немесе осы жылғы жоспардың 66% игерілді. Жыл соңына дейін 173 млрд теңге немесе 34% игеру қажет.
«Алынған трансферттер бойынша жергілікті органдардың игеру қарқыны осы жылғы жоспардың 69%-ын құрайды, ал осы жылдың соңына дейін тағы 72 млрд теңге, яғни 31% игеру қажет», – деді министр. Б.Сұлтановтың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасының әрбір тиыны бақылауда болады.
«Тәртіп бұзушылықты болдырмау үшін біз мемлекеттік сатып алудың камералдық бақылауын қолданамыз. Әрине, басында бұл игеруді баяулатуы мүмкін. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, мұндай бақылау кешіктірілудің басты себебі емесі», — деп мәлімдеді министр.
Ол сондай-ақ, барлығы 33 млрд теңгеге ескертулер жіберілгенін айтты. Оның ішінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері келісіп, 24 млрд теңгеге конкурстарды реттеді. «Осылайша, анықталған тәртіп бұзушылықтарды мемлекеттік органдар мойындады», – Б.Сұлтанов.
ҚР Премьер-министрдің ресми сайтынан алынды.