Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Балағат сөздер айтылған фильмдерге шектеу қойыла ма?
    Жаңалықтар

    Балағат сөздер айтылған фильмдерге шектеу қойыла ма?

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.09.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Депутат Кәрiбай Мұсырман балағат сөздерге жол берiлген фильмдерге шара қолдануды ұсынып отыр. Бұл мәселе бүгiн Мәжiлiсте мәдениет мәселелерiне қатысты жаңа заң жобасын талқылау барысында қаралды, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.

     

    Депутаттың айтуынша, көрермендер тарапынан кинозалдарда көрсетiлетiн фильмдерде балағат сөздерге жол берiлетiндiгi жөнiнде орынды ренiштер айтылып жүр.

    «Мұндай заңнама нормасы көршiлес Ресейде бар. Тек қана мәдениет ұйымдарына  ғана қатысты емес. Бiздiң телеарнаның алдында кейде бала-шағамен отыру қиын. Бұл жалғыз мәдениет туралы заң ғана емес, алдағы уақытта телерадио туралы заңға да осындай өзгерiс енгiзетiн боламыз», — дедi Кәрiбай Мұсырман.

    Бұл ұсынысқа Әдiлет министрлiгiнiң уәжi бар. Министрлiк өкiлiнiң айтуынша, бiзде нормативтiк емес лексиканың нақты тiзiмi жоқ. Әрiптесiн Мәдениет министрлiгiнiң өкiлi құптады.

    «Бiзде осындай сөздердiң тiзiмi жоқ және сөздiк те жоқ. Ресейде төрт сөздiк бар екен. Фильмдерге прокаттық лицензиялар беруге үлкен кедергi болатын сияқты», — дейдi Ақтоты Райымқұлова.

    Бұл ұсынысты талқылай келе, заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелерi оны жетiлдiру қажет деп шештi.

    «Ресейде фильмдердегi балағат сөздердi естiртпей тастап, үстiнен жауып отырады. Осы жолмен бiзде де  балағат сөздердi алып тастау, осындай сөздер болса, қабылдамау ұсынылып отыр. Мен өз басым қолдаймын. Бiрақ оны дауысқа салатын боламыз», — дедi журналистерге жұмыс тобының жетекшiсi Бекболат Тiлеухан.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.