Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да Қазақстан-Израиль бизнес форумы өтті
    Жаңалықтар

    ОҚО-да Қазақстан-Израиль бизнес форумы өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.09.2016133 Views

    Израильдің Қазақстандағы елшілігі мен облыстық әкімдік өкілдері арасындағы меморондум жаңа жобаларға жол ашпақ.

    Израиль мен Оңтүстік Қазақстан арасындағы ынтымақтастық нығая түседі. Осыған дейін ауыл шаруашылығы, медицина салаларында әріптестік жасасып келе жатқан қос тарап алдағы уақытта тағы бірнеше жобаны бірлесіп іске асырмақ. Бастамалар Шымкентте өткен Қазақстан-Израиль бизнес форумында талқыланды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Израильдің Қазақстандағы елшілігі мен облыстық әкімдік өкілдері арасындағы меморондум жаңа жобаларға жол ашпақ. Сонау кеңес дәуірінен бастау алатын қос тарап ынтымақтастығының ауыл шаруашылығы, медицина, қауіпсіздік салаларын дамытуда маңызы айрықша. Қос ел өкілдері күркетауық етін өңдеу осы ынтымақтастық аясында іске асырылған сәтті жобалардың бірі деп санайды. Биыл 10 мың тонна дайын өнім шығаруды қолға алған кәсіпорын кезінде нарықта сұранысы төмендеп кеткен құс етін өңдеп, саудаға шығарды. Қазақстанның құс етін шығарушылар қауымдастығының мәліметіне қарағанда, бүгінде елімізде құс етіне деген сұраныс жылына 350 мың тоннаны құрайды екен. Мамандар бұл тауарға қазір өзге де елдерден тапсырыс көптеп түсіп жатыр дейді. Таяу Шығыс елінен келген делегаттар енді балық етін баптауға да құлшынып отыр.

    Айта кетейік, бүгінде облыста израилдіктердің қатысуымен 15 жоба іске асуда. Оның дені ауыл шарушалығы саласында. Шетелдік бизнесмендер біздегі климаттық жағдай мен инфрақұрылымның жолға қойылғанына тәнті. Енді күнгейде жасыл экономиканы дамытып, баламалы қуат көздерін көбейтсек деген ниеті бар.

    Таяу Шығыстан келген бизнес өкілдері Шымкенттің қауіпсіздігін қамтамассыз етуде әріптестік жасасуға дайын. Диалог алаңында тараптар «Қауіпсіз қала» және «Ақылды қала» жобаларының тұжырымдамасын да талқылады. Сондай-ақ, алдағы уақытта қос тараптың денсаулық сақтау саласында бірлесіп атқарар шаралары қыруар.

    Ақпарат көзі: zakon.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.