Биыл Егемен еліміздің еңсе тіктеп Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толғалы отыр. Сондай-ақ, 1991 жылы құрылған ҚР-ның Прокуратура органдарына да биыл 25 жыл. Нақ осы Тәуелсіздік жылдарында прокуратура саласы өзінің даму мен қалыптасу жолдарынан өтті. Бүгінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге арналған басты құқықтық органдардың бірі бола отырып, прокуратура қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Осы орайда, айтулы мерекеге орай ОҚО-ның прокуроры Ибрахим Иманов бастамасымен «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбымен аттылы экспедиция ұйымдастырылды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының 21 жылдығын да арқау еткен шара Төлеби ауданынан бастау алды. Яғни «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Төлеби аудандық филиалына қарасты Сарыайғыр шатқалында ұйымдастырылған бастаманың мән-маңызы айрықша. Бастысы Қазақстан халықтары арасындағы достықты дәріптеп, ішкі туризм саласын кеңінен насихаттау және елді бірлікке, ынтымаққа шақыру.