Жыл сайын елімізде халықтың әл ауқатын арттыру мақсатында баспана алу мәселесі жүйелі жолға қойылып келеді. Осы ретте, Елбасы Үкіметке «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын нақтылауды тапсырған болатын. Аталған бағдарлама аясында Түркістан қаласындағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан «Отырар» шағын ауданында 5 қабатты 2 тұрғын үй құрылысы бітуге таяды. Биылғы жылдың соңына қарай жаңа пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Осы кезекте Қазақстан иппотекалық компаниясы арқылы 9 қабатты 2 үйдің құрылысы жүргізіліп жатқандығы белгілі. Жақын күнде мұнда да заман талабына сай баспаналар тұрғындар игілігіне берілетін болады. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар үшін қуаншты хабар – жаңа шағын ауданның маңынан тағы да 8 үйдің құрылысы басталмақ. Бұл үйлерді келесі жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»
Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...










