Шымкентте қала күніне арналған xалықтық марафонға 4 мыңнан астам шаһар тұрғыны қатысты.
Қала күнін мерекелеудің екінші күнінде шымкенттіктер 5000 метр қашықтыққа жүгірді. Салауатты өмір салтын сақтаған 4 мыңнан астам шаһар тұрғындары Д.Қонаев даңғылы бойындағы «Royal» фитнес клубынан «Наурыз» алаңына дейінгі бес шақырымды бағындырды.
Айта кетерлігі, мұндай спорттық сайыс Шымкентте осымен 17 рет өткізіліп отыр. Жүгіру сайысының қорытындысында 12 аталым бойынша 30 жүлдегер анықталып, барлығы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.Бұл реткі бұқаралық марафон сайысының ең жас қатысушысы Сапарxан Бақдәулет пен Амантай Aян небәрі жеті жаста болса, ең қарт жүйріктер 65 жастағы Юрий Остапенко мен Зайцева Ираида есімді ақсақалдар болды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі