Барлық өңір тұрғындарына ортақ мейрам болып саналатын Шымкент қаласының туған күнін апта бойына атап өту жоспарға қойылған. Осы ретте мерекенің бірінші күні сенбіліктен бастау алды. Тәң сәріден әкімшілік қызметкерлері мен белсенді жастарымыз қолдарына сыпырғы мен күрек алып, көше аулалары мен саябақтарды жиналған қоқыстардан тазартып, көшеттерді әктеп, сырлады. Сонымен қатар, зейнетке шыққан аталарымыз да қалалық іс-шараға бейжәй қарап қалмай, ағаш түптерін қопсытып, белсенділік танытты. Қала әкімдігінің қолға алуымен ұйымдастырылып отырған бұл ақцияның басты мақсаты, үшінші мегаполис саналатын қаламыздың көркіне көрік қосып, одан әрі әсемденуіне бірігіп атсалысу.