Нұрлан Ермекбаев дін істері және азаматтық қоғам министрлігін басқарды. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тиісті жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.
«Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметінен босатылсын», — делінген құжат мәтінінде.
Н.Ермекбаев 2014 жылдың қарашасынан бері президент көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарып келген.
Дереккөз: ҚазТаг