Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-нда биыл прокурордың қатысуы міндетті болып табылатын істердің мөлшері 23%-ға азайған
    Жаңалықтар

    ОҚО-нда биыл прокурордың қатысуы міндетті болып табылатын істердің мөлшері 23%-ға азайған

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа10.09.2016Updated:10.09.2016Комментариев нет3 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Орталық Аймақтық коммуникациялар қызметінде облыс прокурорының орынбасары Мұрат Әлібековтың қатысуымен Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

    Ұлт жоспарының нақты қадамдарына тоқталып өткен Мұрат Махамбетәлиұлы  сот процестерін жеңілдету және сот процесін жылдамдату мақсатында прокурорлардың азаматтық-құқықтық даулы мәселелер бойынша сотқа қатысуын қысқартудың тиімділігіне тоқталды. Мәселен, осы жылы жаңа азаматтық-процестік кодекстің қабылдануына байланысты, прокурордың қатысуы міндетті болып табылатын істердің мөлшері 23%-ға азайған. Осылайша, прокурорлық ықпал ету шараларымен 26 сот актісі заңға сәйкестендірілді.

    Азаматтық істерді қарау барысында заңның бұзылуына жол бермеуге қол жеткіздік. Прокурорлардың қолдау хаттары бойынша 55 жеке анықтама шығарылды, олар бойынша 5 қылмыстық іс қозғалып, 14 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Ал, Қылмыстық–процестік кодекстер бойынша сот өндірісі үш сатылы жүйесіне көшкені белгілі. Бұл жүйе өз кезегінде азаматтар үшін тиімділігін көрсетті.  Яғни, істер мәні бойынша сот актісінің заңды күшіне ену уақыты айтарлықтай қысқартылып, қаржылық шығындары азайған.

    Сонымен қатар, спикер Ұлт жоспарының 32-ші қадамында айтылған «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылып отырғанын жеткізді.

    «Аталған картаға облыстағы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелетін болады. Бұл өз кезегінде қоғамға ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Картаға қол жетімділік кез – келген азамат үшін қамтамасыз етіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер порталдың негізгі ақпараттық көзі болады»,-деді Мұрат Әлібеков.

    Оның хабарлауынша, бүгінде электрондық картаны құру үшін облыстан 88 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Аталмыш электронды карта қазан айында іске қосылады деп күтілуде.

    Пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің тиімді жүйесін жүзеге асыру барысында облыстық прокуратура түзеу мекемелерінде мемлекеттік мекемелердің қатысуымен «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу!» тақырыбындағы семинар-кеңестер өткізді.

    Сондай-ақ, мемлекеттік органдармен бірлесіп, аталған санаттағы тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында, еңбек квоталарын бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Осылайша, облыстың пробация қызметінің тіркеуіне 2016 жылдың 8 айында 5718 адамның тізімі енгізіліп (2015 жылы — 5332), осы тізімдегі 4578 адамның (2479) түрлі әлеуметтік-құқықтық көмек қабылдауына ықпалдастық жасалды, 297 (112) жұмыспен қамтылды, 3 сотталушы өз ісін ашып, басқа да 3487 (1977) тұлғаға түрлі көмектер көрсетілді.

    Баспасөз мәслихатында облыс прокурорының орынбасары отыз бесінші қадамда айтылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және басқа мақсатта пайдаланылатын жер телімдерін мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарды тарқатып айтты.

    Айта кетейік, өңірдің прокурорлары аталмыш салада біршама жұмыстар атқарған.  Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау актілері негізінде соңғы 2 жылда бюджетке 320 млн.теңге қайтарылып, жалпы құны 1,3 млрд.теңгені құрайтын 42 мың.га жер мемлекет меншігіне өтті.

    Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге заңсыз құрылыс салуға байланысты арнайы шаралар қабылдануда.

    Баспасөз мәслихаты барысында облыс прокурорының орынбасары БАҚ өкілдерін мазалаған сұрақтарға жауап беріп, облыстық прокуратураның соңғы кезде қолға алып жатқан тың жобалары жайында айтып берді.

    ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.