Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»БИЫЛ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННАН СОЛТҮСТІККЕ 700 ОТБАСЫ КӨШЕДІ — ЕРІК СҰЛТАНОВ
    Жаңалықтар

    БИЫЛ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННАН СОЛТҮСТІККЕ 700 ОТБАСЫ КӨШЕДІ — ЕРІК СҰЛТАНОВ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа09.09.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Елбасының тапсырмасына сәйкес Оңтүстіктен 700 отбасы көшетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

    ҚР Денсауық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Солтүстікке көшіп жатқан жастарға «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы көмектесіп жатқандарын жеткізді.

    «Солтүстік Қазақстанның барлық аудандарының әкімдері Оңтүстікке барып, жәрмеңке өткізіп, мамандарды таңдап алды. Қазір соларды жұмысқа тұрғызып жатыр. Ал жастарды ҚР Білім және ғылым министрлігі қосымша жіберіп жатыр. Биылдың өзінде 3000 жасты Солтүстік Қазақстанға оқуға жіберді. Ал біздің министрлік «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы қаражатын беріп жатырмыз. Ал, Білім және ғылым министрлігі жастарды оқуға түсіру мәселесін шешуде», — дейді Тамара Дүйсенова.

    Президент бос тұрған лицейлерге балаларды көбейтіп, кәсіптік білім беруді қолға алуды әкімге тапсырды.

    «Мәселе мынандай. Егер мамандығы болмаса ол жастар қалмайды. Қазір лицейлердің бәрі бос болып тұр. Соған балаларды апарып, 1,5 жылдың ішінде оқытуымыз керек. Бірінші мамандықты тегін береміз деп жарияладық. Сондықтан жастардың тегін мамандық алып, өндіріске тұруына көмектесу керек. Бұл үрдіс Павлодар, ШҚО, БҚО, Ақмолада жалғасуы тиіс. Сол кезде балалар сонда жұмыс істеп қалады», -деді Елбасы.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстар істеліп жатқанын айтты.

    «Жоспар бойынша Солтүстік Қазақстан облысына 101 отбасын көшіру болған. Дегенмен 111 отбасы көшіп келді. Енді Оңтүстік Қазақстаннан биылдың өзінде 700 отбасы көшіп келмекші», — дейді Ерік Сұлтанов.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.