• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қозғал, қазақ! Солтүстікке…

08.09.2016
0

Қыркүйектің алғашқы күнінде «алғашқы қоңырау» соғылып, еліміздегі жаңадан салынған мектептер жүздері бал-бұл жайнаған оқушыларды қабылдап жатқанын барлық телеарналар, басылымдар жарыса көрсетіп, жазып жатады. Бұл өзі тәуелсіздігіміздің жемісіне шүкіршілік ететін, ертеңгі күнімізге сенім ұялататын, көңіл толқытар қуаныш. Биыл мәселен бірінші сынып табалдырығын 370 мыңнан астам бүлдіршін аттады. Бұл өзі үлкен бір қаланың тұрғыны ғой. Жаңа елордаға қоныс аударып келгенімізде Ақмола тұрғындарының саны мұнан да аз болатын. Шүкір, тәубе дейсің осындайда.

Ұлтымыздың қайнары – Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан 25 мектеп салынды, 25 жылдыққа – 25! Білім ордалары әлі де салынуда, жыл аяғына дейін беріледі, себебі, үш ауысымда оқитын 37 мектеп болса, апатты жағдайдағы білім ошақтары – 98. Жалпы, оңтүстікке әлі де 200-дей мектеп қажет. Оңтүстік өңірде биыл 73 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын аттады, облыс әкімі Б.Атамқұлов оларға бір-бір шыбық шаншуды тапсырды, бұл жақсы бастама. Әр шәкірт ағаш отырғызып, мектеп бітіргенше күтімге алса зәулім дарақ, қалың орман жайқалып тұрар еді ғой. Алматыдағы «Мамыр» шағын ауданындағы мектептің бірінші сыныбына 40-45 баладан қабылдап жатыр екен, Астанада да солай. Жамбыл жерінде жаңадан 5 мектеп салынды, бірақ мұның өзі үш ауысым мәселесін шешпейді. Орын жетпей, баласын мектепке орналастыра алмай сарсаңға түсіп жүрген ата-ана тәуелсіз телеарналардың басты қонағы қазір. Ағымдағы жылы іске қосылатын 92 мектептің 31-і үш ауысымда оқытатын мектептер мәселесін шешу үшін, 29-ы апатты ғимараттардың орнына, 14-і оқушы орнының тапшылығын жою үшін, 13-і ыңғайластырылған мектептердің орнына, 5-уі білім ұясы жоқ елді мекендерде салынды. Шүкір, оңтүстікте, батыс аймақта осылайша мектеп, бала-бақша жетіңкіремей жатады, себебі өсу бар, табиғи өсім бар. Ал бүкіл елде ше?

Білім және ғылым министрлігінің ресми мәліметтеріне жүгінсек, биыл мектептер желісінің саны өткен жылмен салыстырғанда 34 бірлікке азайған, яғни 48 мектеп жабылды, 11 мектеп ашылды. Нормативке сай келмеуіне, яғни бала саны жетпеуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында – 14, Павлодар облысында – 12, Ақтөбе облысында – 6 мектеп жабылған. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Бірлік ауы­лы кезінде 500-дей тұрғыны бар гүлденген, өркендеген елді мекен болған екен. Сосын жұрт кете бастаған, мектеп тоғызжылдыққа, соңыра бастауышқа айналған, ал 2013 жылы оқитын бала болмағандықтан білім ордасына құлып салынған еді. Сол мектепке биыл жан бітті, Білім күні қоңырау соғылды, бастауыш мектепке бес бала баратын болды. Бұл Үкіметтің арнайы бағдарламасына сәйкес оңтүстіктен қоныс аударған 10 отбасымен бірге келген қуаныш. Ал солтүстікте әлі де жүзден астам мектеп жабылу қаупін күтіп отыр. Үміт – Үкіметте.

Үкіметтің ішкі көші-қонды жүйелеп, жұмыс күшін дұрыс бөлуді реттейтін қанатқақты жобасына сәйкес 463 отбасына бөлінген квотаның 22-сі Қостанай, 40-ы Шығыс Қазақстан, 101-і Солтүстік Қазақстан, 300-і Павлодар облыстарына тиесілі. Неге осы өңірлер таңдалған? Себебі, Шығыс Қазақстан өңірінен жыл сайын 35 мың адам көшеді, келушілер мұнан да аз, жалпы, бес жылда тұрғындар 40 мың адамға кеміген. Ал Солтүстік Қазақстанда көші-қон осы бағытпен кете берсе 2030 жылға қарай қазіргі 570 мың тұрғыннан 300 мың ғана қалады. Қостанай мен Павлодарда да келушілер кетушілерден басым болмай тұр. Бұл өңірлердің бәрі де мал ұстап, егін салуға аса қолайлы, оның үстіне өндірісі де дамыған, ең бастысы, шекаралық аймақтар. Үкімет бағдарламасына сай қоныс аударушыларға тұрғын үй мен жер телімінен бөлек жылыжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамыту үшін несие беру көзделген. Көшіп келу шығындарынан бөлек 5-6 жаны бар отбасы Үкіметтен орта есеппен 500 мың теңгеге жуық көмек алады, 5 жылға 5 миллион теңгедей несие де ала алады, бірақ кері көшсе түгел қайтарады. Бұларға егін саламын десе жер телімі де беріледі.

Әрине, Үкімет едәуір қаржы бөлетін болған соң квотаны көбейтпейді, 463 отбасы әрі кетсе 3 мыңдай ғана жан. Бұл қарқынмен селдіреп қалған солтүстіктегі өңірлерді толтыру қиындау. Үкіметтің «Серпін-2050» бағдарламасына сәйкес педагогика, ауылшаруашылығы, медицина, техникалық мамандықтарға 3162 грант бөлініп отыр, бұл студенттердің көпшілігі орталық және солтүстік аймақтағы университеттерде білім алады, оқу бітірген соң сол өңірде қалады деген үміт бар. 1200-ден астам оралман да солтүстікке қоныстанбақ. Біз осыдан жиырма жылдай бұрын шетелден келген алғашқы көш Түркістан маңындағы «Достық» ауыл­ына жайғасқанда «Отанымыз – тек оңтүстік қана ма?», онсыз да тығыз өңірге оралман неге қаптап келеді деп дабыл қаққан едік. Өкінішке қарай, оған билік құлақ аса қойған жоқ, туыстары осында, әрі жылы жер ғой деген сияқты жауап естідік. Барлық қазақ бір-біріне туыс, тек оңтүстік қана емес, елдің барлық жері жылы, тек ауа райы емес қабылдайтын ортаның, жергілікті биліктің қабағы жылы болуы керек. Қазақтың кең-байтақ жері барша қазақстандыққа ортақ. Бәрімізге жер ортақ, ел ортақ, ең бастысы – мүдде ортақ. Үкімет қазір бұл бағдарламасын жарнамалап, жалаулатып жатқан жоқ, себебі, квотаны ұлғайтуға қазына мүмкіндігі кем, бүкіл әлемді дағдарыс жайлаған. Дегенмен, өзі бас болып ірі меншік иелерін, жекелеген қалталы азаматтарды осы мақсатқа жұмылдырып қана қоймай, мемлекет көмегінсіз-ақ өз еркімен қоныс аударғысы келетіндерге жергілікті биліктің баспана, жұмыс, жер телімі жөніндегі жанды көмегін үйлестіре алса Үкімет ұрпақтар алдында өшпес бедел, ұпай жинар еді. Сонда Үкіметтің ғана емес, ұлттың да ұпайы түгел болар еді…

Еркін ҚЫДЫР,

«Егемен Қазақстан».

Дереккөз: ult.kz

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.