Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент әкімі Испаниядан Гран-примен оралған «Айгөлек» балалар ансамблін қабылдады
    Жаңалықтар

    Шымкент әкімі Испаниядан Гран-примен оралған «Айгөлек» балалар ансамблін қабылдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.09.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкенттік халықтық хореографиялық «Айгөлек» балалар ансамблі Испанияның Ллоретт дел Мар қаласында «Musica del Mar» — «Теңіз әуені» Халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, Гран При Кубогы және «Үздік хореография», «Көрермен көзайымы» дипломдарын жеңіп алды. Бимен қатар ансамбль мүшелері халық аспаптарында орындаушылық және вокал бойынша өз өнерлерін көрсетті. Осыған орай, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Айгөлек» ансамблін қабылдады. 14184338_1782065262039833_7376788474098718481_n

    Қазақ өнерін шет елдерде насихаттауға қосқан үлесі және Испания еліндегі Халықаралық фестивальдегі жеңісімен құттықтаған шаһар басшысы шығармашылық ұжымның алдағы еңбек жолына табыс тіледі. Кездесуге Оқушылар сарайының директоры Н.Романова, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Р.Каланова және 17 ансамбль мүшесі қатысты. 14125753_1782065235373169_1039268643597100756_oАйта кетерлігі, «Айгөлек» балалар би ансамблі 1943 жылы құрылған. Ансамбльдің негізін қалаған Цандекова А.Л. 1975 жылдан бері Р.Каланова ансамбльдің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді. Бүгінгі таңда ансамбль 4-17 жас аралығындағы 200-ге жуық өнерлі өрендердің талантын ашуға ықпал етіп отыр.
    «Айгөлек» ансамблі республикадағы ең байырғы шығармашылық ұжымдардың бірі. 1973 жылы ансамбль «халықтық» атағын, 1982 жылы Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атағын иеленді. 2000-2016 жылдары Орта Азия және Еуропа елдерінде Халықаралық фестивальдерге қатысып, Гран-при және түрлі жүлделер иесі болған.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.