Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Шардарада екі мектеп пайдалануға берілді
    Білім

    Шардарада екі мектеп пайдалануға берілді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.09.2016Updated:02.09.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 мектеп! Облыстағы пайдалануға берілген осы білім нысандарының екеуі Шардара ауданына тиесілі. 1 қыркүйек – Білім күні Қ.Тұрысбеков ауылындағы Абылай Әлімбетов атындағы және қаладағы Құрманғазы атындағы жалпы орта мектептеріне қосымша салынған екі қабатты 200 орындық жаңа мектеп ғимараттары салтанатты түрде ашылып, оқушылардың игілігіне берілді.

    FB_IMG_1472788884796
    Екі мектептегі шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев пен аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, тұрғындардың қуаныштарын бөлісті. Елбасы саясатының арқасында пайдалануға берілген қос ғимаратқа құтты болсын айтысты. 1 сыныпқа қабылданған оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітаптарын салтанатты түрде табыстап шықты.

    FB_IMG_1472788893069
    Абылай Әлімбетов атындағы білім нысаны аудандағы жасы үлкен қарашаңырақ мектептің бірегейі болып саналады.1928 жылы іргесі қаланған мектеп интернатта негізінен жетім балалар мен малшы балалары білім алған екен. Ескі ғимарат 1974 жылы әбден тозығы жетіп, құлған. Осы жылдары мектептің тізгінін ұстаған ардагер ұстаз Ақылбек Оспановтың айтуынша содан бері қаншама жерге өтініш білдіргенімен жаңа ғимарат салуға ешқандай мүмкіндік болмаған. Кеңестік дәуірде сәті келмеген білім ордасының бағы тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жанып отыр. Қарт ұстаз А.Оспанов  интернат үлгісінде салынған қарапайым ғимаратта қырық жылдан астам уақыттан бері тығылысып бала оқытып келген ұстаздар қауымын қуаныштарымен құттықтады. Мектеп директоры Жанат Сапаров осындай заманауи үлгіде жарақталған жаңа ғимарат салып берген обыс, аудан басшыларына өз алғысын жеткізді.

    FB_IMG_1472788881711
    Қаладағы Құрманғазы атындағы жалпы орта мектеп ұжымының да қуаныштарында шек болған жоқ. Ардагер ұстаз, ауылдық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мұхамбет Мұңалбаев жаңа мектеп салу жөніндегі тұрғындардың өтінішіне оң көзбен қарап, соңғы үлгідегі екі қабатты ғимарат салуға қол ұшын берген бұрынғы аудан әкімі Қамытбек Айтөреевке алғысын жеткізді.

    FB_IMG_1472788887626
    А. Әлімбетов атындағы орта мектептің табалдырығын биылғы жылы 47 бүлдіршін аттаса, Құрманғазы мектебінде 82 оқушы 1 сыныпқа барып отыр. Ал, аудан бойынша 1985 оқушы мектеп босағасын жаңадан аттады.  Білім саласындағы мұндай  игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың айтуынша жаңа жылға дейін қаладағы Мұнай базасы ауылында 60 орындық, Алатау батыр ауылында 900 орындық жаңа мектептің құрылыстары басталмақ.

    FB_IMG_1472788899066
    Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.