• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Маусым 6, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Тәжікстан тәуелсіздігіне – 25 жыл!

31.08.2016
0

  Жыл басынан бері еліміз Тәуелсіздік мерекесінің  25 жылдығын дүркіретіп атап өтуде. Халықаралық деңгейде маңызы зор іс-шаралар ұйымдастырылып,  көптеген тарту-таралғылар жасалды. Солардың бірегейі,  Қазақстан мен Тәжікстанның мызғымас достығының дәлелі болған – Ходжент қаласында ашылған Шымкент көшесі. Қос елдің ширек ғасырлық тәуелсіздік тойының  аясында Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында қазақтың киіз үйі тігілді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков  бастаған оңтүстікқазақстандық делегация аталған салтанатты іс-шаралардың барлығына куә болып қайтты.

06

Қазақстан мен Тәжікстан Республикалары – жеке мемлекет ретінде Тәуелсіздіктерін бір мезетте еншілеген елдер. Егемендіктерінің 25 жылдығын қатар атап өтіп жатқан мемлекеттер географиялық орналасу жағынан көрші болмағанымен, бір-бірін туыс деп біледі. Содан да болар, Өзбекстан арқылы Тәжікстанның «Ойбек» шекара бекетіне жеткен-ақ, оңтүстікқазақстандықтарды сырнайлата, дастархан жайып қуана қарсы алды.

000010

 

0000011

00006

Достықтың арқасында құшақ қауыштырған делегаттар мұнан соң шекарадан 64 шақырым қашықтықта жатқан Ходжент қаласына жол тартты. 8 миллион халқы бар Тәжікстан Республикасында ірі 5 қала бар. Олардың ішінде ел астанасы Душанбеден кейінгі статусқа ие, екінші шаһар – Ходжент. 2 жарым мың жыл тарихы бар бұл көне қала, Қазақстанның 3-ші мегаполисі Шымкентпен бауырлас. Қос шаһар 2003-ші жылдың 22-ші сәуірінде бауырластық жөнінде келісімге келген. Содан бері екі арадағы барыс-келіс пен алыс-беріс, өзара тәжірибе алмасу үзілген емес. Бауырлас қалаға тарту ретінде бүгінгі күні Ходженттің қақ төріндегі көшеге «Шымкент» қаласының атауы берілді.

0444444

0333333333

013

2005-ші жылдың 31-ші тамызында Шымкенттегі «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы бір көше «Ходжент» қаласының атымен аталған болатын. Бүгін атауы берілген «Шымкент» көшесі қос қаланың  достығы үзілмеген бауырлас екендігін тағы бір дәлелдеді. Тарихы терең, болашағы кемел Шымкент қаласының атымен аталған көшеде бүгінгі күні бірнеше әлеуметтік ғимараттардың да лентасы қиылды. Біріншісі салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашатын спорт кешені. Мұнда осы мөлтек ауданда тұратын тұрғындар мен жастар кез-келген спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік алып отыр. Ал, екінші Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков пен Ходжент қаласының әкімі Шарифзода Шариф лентасын қиған ғимарат 180 балаға арналған бала-бақша. «Әфсана» деп аталатын бөбекжайдың бүлдіршіндері Оңтүстік Қазақстаннан келген қонақтарды қазақ тілінде тақпақ айтып қарсы алды. Бұл бала-бақша 8 мың тұрғыны бар осы мөлтек аудандағы 2-ші бөбекжай.

000009

00005

 

Қазақстан мен Тәжікстан Республикаларының рухани байланысымен қатар экономикалық қарым-қатынасы да күн санап артып келеді. 11 индустриялдық аймағы бар, кәсіпкерлік саласының дамуы бойынша Қазақстанда алғашқы орында тұрған оңтүстіктің кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев облысқа таныстырылым жасады. Қазақстанда инвестиция көлемін арттыру бойынша жасалған жеңілдіктерге тәжікстандық  кәсіпкерлер таңдай қақты.

07

 

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында орын алып отырған халықаралық екі жақты шараның ұйымдастырушысы, Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі – Нұрлан Сейтімов. Нұрлан Мұсатайұлын үстіміздегі жылдың 29-шы наурызында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елші етіп тағайындады. Жиын барысында елші мырза өткен жылдармен салыстырғанда Тәжікстан мен Қазақстанның арасындағы экономикалық байланыс көлемінің артқанын тілге тиек етті.

Ходжент қаласы – Соғды облысының орталығы –Тарихта бұл өңір  Соғды тайпалары күн кешкен мекен ретінде танымал. Өңірдің бүгінгі басшысы Абдурахман Кадири Қазақстаннан арнайы келген делегаттарды құшақ жая қарсы алды. Соғды облысының басшысы қабылдаған Ұласбек Сәдібекұлы бастаған делегация  құрамында: облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіш,  Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, Облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратов, Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлеген, Облыстық тәжік этно-мәдени орталығының төрағасы Акабай Құдайқұлов, Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Айдар Байысбеков,  «Шаян» тәуелсіз апталық газетінің бас редакторы Абзал Әділбековтер бар.

01

016

00003

0002

014

Қос мемлекеттің қонақжайлық пен сый құрмет жасауда ұқсастықтары жетерлік. Бұл ретте Ұласбек Сәдібекұлы Соғды облысының басшысының  иығына қазақтың зерленген  шапанын жапты.  Тиісінше, қонақтарға жергілілікті халық атынан Абдурахман Кадири тәжіктің ұлттық шапанын делегаттарға жеке-жеке кигізіп, достықтың жарқын үлгісін көрсетті.

0007

Ходжент – Ұлы Жібек жолы өткен, Сырдарияның жағасына  орын тепкен көне шаһар. Кеңес одағы кезінде қала Ленинабад аталған. 1957-ші жылы Ленинградтың бір бөлшегі ретінде  мұнда алып сарай салынған. Сырт көрінісі Санк-Петербургтың ғимараттарына ұқсас болғанымен, тарихи орынның іші тәжік халқының бір-біріне ұқсамайтын, қайталанбайтын ұлттық ою-өрнектеріне толы. 60 жылға жуық тарихы бар көне сарайдың әрбір деталінің  бояуы әлі күнге өңін бермеген. Тәжікстан Республикасына 2-ші рет іс-сапармен келіп отырған, облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіштен облыстық телеарна арнайы сұхбат алды. Сұхбат барысында халық қалаулысы тәжік елімен бізді өткен тарих тығыз байланыстыратынын тілге тиек етті.

Сапардың екінші тәулігінде делегаттар Душанбе қаласына жол тартты. Ходжент қаласынан 305 шақырым қашықтықта жатқан Тәжікстан астанасына жол жүру уақыты 5 сағат. Ара қашықтық онша үлкен болмағанымен, Памир  тауының алып асударын бағдындыру уақытты алады. Ең үлкен шыңының биіктігі 7 мың метрден асатын таулы аймақтағы құздармен жүру қорқынышты-ақ. Айта кететін тағы бір қызықты ақпарат, Тәжікстан жер көлемінің 93 пайызын алып таулар алып жатыр. Аталған 300 шақырым жолды жүру барысында делегаттар бас-аяғы  алып  8 асудан өтті.  Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жоталарды жағалай, тіпті тау тастарын жарып 20-дан аса туннелдер салынған. Душанбеге жете салысымен, Тәжікстадағы екі мыңға жуық қазақтың басын қосқан «Бәйтерек» аталатын қазақ  мәдени орталығының мүшелерімен құшақ қауыштырдық. Барлығы  да атажұрттан ат терлетіп келген бауырларын ыстық ықыласпен қарсы алды.  Оңтүстіктен сыйлық ретінде алып келінген кітаптар мен ұлттық киімдерге, домбыраға   орталық төрайымы Зәуре Сәмединова шексіз алғысын білдірді.

08

09

010

 

00001

011

Бұл күні орын алған тағы бір тарихи оқиға – ел астанасында қазақтың ұлттық киіз үйінің тігілгені. Шымкент қаласының атынан тарту етілген ұлттық мұрамызды әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған туристер қызыға тамашалап жатты. Күн бата Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары мерекелік гала-концерт қойып, ұлттық музыкаға шөліркеген қандастарымызға өнер көрсетті. Залға жиылған жұрт концерт соңында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әнін тікесінен тік тұрып орындады.

Қазақстан мен Тәжікстан Республикаларының мызғымас достығы әлбетте өзге мемлекеттерге үлгі. Тұғырлы тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында айтар тілегіміз жалғыз. Бауырмал қос мемлекеттің бірлігі бекем, егемендігі мәңгі болсын.

015

012

 

05

02222

 

0004

Ботагөз МӘДІБЕК,

Шымкент-Ходжент-Душанбе-Шымкент.

Бөлісу6TweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.