Шымкент қаласындағы «Жайлаукөл» демалыс аумағының салтанатты ашылу салты өтті. Мерекелік шараға өңір басшысы Б.Атамқұлов пен қала әкімі Ғ.Әбдірахымов қатысып, салтанатты жиынды ашып берді.
Айта кетерлігі, қала тұрғындарының еркін демалыс аймағы ретінде салынған бұл саябақ жақын болашақта қала тұрғындары мен қонақтарының серуендейтін таптырмас демалыс орынына айналатыны сөзсіз.



