Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ғ.Әбдірахымов: жастар саясатын жүргізуде білімге, жұмыссыздықпен күреске және спортқа ерекше көңіл бөлу керек
    Жаңалықтар

    Ғ.Әбдірахымов: жастар саясатын жүргізуде білімге, жұмыссыздықпен күреске және спортқа ерекше көңіл бөлу керек

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.08.2016306 Views

    Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісінде шаһардағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы сөз болды. Бүгінгі таңда статистикалық деректер бойынша қаламызда 14-29 жас аралығында 240 мыңнан астам жас азаматтар тұрады, олар қала халқының 30 пайызын құрап отыр. Оған қоса 90 мыңнан астам студент жастар жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында білім алуда. Қазіргі таңда қалада 10 жоғары, 36 орта арнаулы оқу орындары бар. Сондықтан, миллионға жуық тұрғыны бар шымқала үшін жастар мәселесі ең өзекті тақырыптың бірі болып отыр. 
    Әкімдік жиынында шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың алдында қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Сарсеева мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы баяндама жасады. Өз кезегінде Ғабидолла Рахматоллаұлы жастар арасында тек шоу концерттер ұйымдастыру, жалаң үгіт-нәсихат жұмыстарымен шектелмей жұмыссыздық мәселесін болдырмау үшін оларға қысқа мерзімдіқ жұмыс орындарын ұсынып, материялдық базасын нығайту керектігін айтып өтті. Ол үшін арнаулы жастар ұйымдары арқылы еңбек нарығы биржасын құрып, студент жастардың дәрістен тыс уақыттарына сай сағаттық, күндік жұмыс ұсынылса деген жаңалығын ортаға салды. 
    Сонымен қатар қала әкімі жоғары, орта, арнаулы оқу орындарын бітірмеген жастар үшін алаңдайтындығын айта келе, жауапты бөлімдерге оларға кәсіптік білім беру, қайта даярлау (түрлі семинар-тренингтер) курстарына баруына көмектесіп, қоғамнан өз еншісін алуға ықпал етуін талап етті.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.