Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам — Дариға Назарбаева
    Жаңалықтар

    Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам — Дариға Назарбаева

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа18.08.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Үкімет Үйінде ҚР премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалығымен мемлекеттік ақпараттық саясат және ұлттық және аймақтық брендтерді қалыптастыру бойынша Ведомствоаралық комиссия отырысы өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі pm.kz сайтына сілтеме жасап.

    Отырыс барысында ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ақпараттық саясат стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жұмыстағы өзара іс-әрекеті жүйесіндегі ағымдағы жағдай туралы мәлімдеді.

    Бұдан өзге, Дәурен Абаев министрліктің Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жұмысының ережелері жасалғанын баяндады, оның аясында уәкілетті лауазымды тұлғалар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жеке жауапты болады.

    ҚР премьер-министрінің орынбасары орталық мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға және облыс әкімдіктеріне Ақпараттық жұмыс ережелерін зерттеп, өз ұсыныстарын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жіберуді тапсырды.

    «Әр мемлекеттік орган мемлекеттің ақпараттық-идеологиялық жұмысында заманауи әдіс-тәсілдерді және ақпарат берудің жаңа форматтарын қолдануы тиіс. Біз қазір басқа қоғамда өмір сүреміз — ештеңені жасыру мүмкін емес. Интернет, әлеуметтік желілер ресми билік органдарына қарағанда әлдеқайда жылдам назар аударады. Бүгінде біз осындай бәсекелі күресте ұтылып келеміз. Сондықтан барлығы әлеуметтік желілер мен Интернетте жұмыс жасауды үйренуі тиіс», — деді Назарбаева.

    Отырыс қорытындысында Назарбаева ведомствоаралық, оның ішінде аймақтардың орталық мемлекеттік органдармен ақпараттық өзара іс-әрекеті қажет екенін баса айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.