XXXI Жазғы Олимпиада ойындарында барлығы 28 спорт түрі бойынша 306 медаль жиынтығы сарапқа салынуда.
Құрамаларға ұпайлар келесідегідей тәртіппен беріледі: алтын – 3 ұпай, күміс – 2 ұпай, қола – 1 ұпай.
Дереккөз: tass.ru және kaztrk.kz
XXXI Жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржыны 2 алтын медальмен толыққаннан кейін 11-тамыздағы кесте бойынша дүниежүзінде 11-ші орынға шықты. Орталық Азия мемлекеттерінің арасында көш бастап тұрған Қазақстан құрамасы осы күнге дейін жалпы есепте 7 медальға қол жеткізген. Оның 2 алтын, 2 күміс болса, 3 бірдей медаль қола бар. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштерді одан әрмен жақсартуға Олимпиада ойыншыларының мүмкіндігі мол. Өйткені, шаршы алаңға шығатын спортшылардың арасында кіл мықтылары бар.
Сонымен қатар, орталық Азияға енетін мемлекеттердің ішінде көрші өзбек елі екі қола жүлдесімен 43-орынға тұрақтаса, Қырғызстан 1 қола жүлдемен есептің 48-ші орында тұр. Тәжікстан мен Түркменстан спортшылары жүлделі орындарға әлі де қол жеткізбеген. Бірақ, үміттері басым.