Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мәжіліс депутаты жұмыс сапарымен Оңтүстікте жүр
    Жаңалықтар

    Мәжіліс депутаты жұмыс сапарымен Оңтүстікте жүр

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.08.2016257 Views

    Жаналыктар.00_36_09_11.Still033ҚР Парламенті Мәжілісінде Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан арнайы фракция құрылған. 31 депутаттан тұратын аталған фракция  ұлтаралық келісім мәселесі бойынша жұмыс жасайды. Бүгінгі күні  Елбасының 100 нақты қадам «Ұлт жоспары» реформасына іске асыруда халық қалаулылары өңірлерді аралап, насихат жұмыстарымен айналысуда. Солардың бірі қарымды қаламгер, Мәжілісмен Сауытбек Әбдірахманов.  Сауытбек Әбдірахманов – Парламентке Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан сайланған 9 депутаттың бірі. Депутаттық мандатқа қол жеткізгенге дейін де, кейін де еліміздің саяси бағыт-бағдарын газет беттеріне жариялап жүрген қаламы қарымды қаламгер, жерлесіміз. Парламенттік каникулға сәйкес  халық қалаулылары өңірлерді аралап,  Елбасының 100 нақты қадам «Ұлт жоспары» 5 инстиутционалдық  реформасын жіті түсіндіріп, туындаған сұрақтарға жауап беруде.  Сөз басын «Біздің міндет- ел бірлігін жандандыру» деп бастаған Сауытбек Әбдірахманұлы, мұнан кейінгі кезекте  әлемдік экономикадағы іркілістердің болу себебін нақтылы статистикаға сүйене отырып, түсіндіруге тырысты.  Қазақ тіліндегі «Ұлт» сөзі бір емес, бірнеше мағыналарға ие. Мемлекет басшысы  «Ұлт жоспары»  деп атау берген маңызды реформаның тек «қазақ» халқына тән емес екендігін қазақстандықтар жіті ұғынуы тиіс. Бүгінгі ел экономикасының даму қарқынына тоқталған мәжілісмен «Шикізатқа байланған елдің кері кетпеуін – жетістік» деп бағалады. Сонымен қатар жер көлемі кең, ата кәсібі мал шаруашылығы болып табылатын қазақ елі үшін еттің жартысын сырттан алу саясатын  Сауытбек Әбдірахманұлы дұрыс үдеріске баламады. Ұлттық тәрбиеге аса көңіл бөлуді мақсат тұтқан облыстық «Аналар кеңесі» бүгіннің өзінде жаңа бастамаларымен танылып үлгерді. Облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық деңгейдегі түрлі саладағы нәзік жандылардың басын қосқан бұл ұйымның  1130 мүшесі бар. Сондай-ақ «Аналар кеңесінің» құрамынан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері  де қамтылған.  2 сағаттық жиыннан соң Сауытбек Әбдірахманұлы «Коғамдық келісім» сарайында Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшелерімен дөңгелек үстел өткізді. Жиында депутат мырза: «Кейбір орын алып жатқан екі азаматтың арасындағы кекілжіңдер ұлттар татулығына нұқсан келтірмеуі керек» деп, осы мәселені ерекше атап өтті.  Сонымен қатар қоғам үшін аса маңызды саналып отырған терроризм, діни сауаттылықты арттыру сынды жұмыстар Парламентте қаншалықты іске асып жатқандығы жөнінен қатысушылар түрлі сауалдар жолдады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.