Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Кәсіби кенші Сақ Мәуленқұлов Қаратаудың мақтанышы
    Жаңалықтар

    Кәсіби кенші Сақ Мәуленқұлов Қаратаудың мақтанышы

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа20.07.2016Updated:20.07.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл өңірде саналы ғұмырын кен байыту ісіне арнап, абыройға бөленіп отырған азаматтар аз емес. Солардың бірі, әрі бірегейі — КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордені, Егемен елдің «Отан» орденінің иегері, Кентау қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Сақ Мәуленқұлұлы Мәуленқұлов. Бүгінде кенші ардагер 90 жасқа толды. Металлургтер күніне орай Сақ Мәуленқұлұлының мерейтойын кентаулықтар думандатып атап өтуде. Олай болуының өзіндік себебі бар. Сақ Мәуленқұлұлы басшылық жасаған жылдары қалада көптеген игі істер жүзеге асты. Құрылыс қарқынды жүріп, әлеуметтік нысандар ел игілігне пайдалануға берілді. Атап айтар болсақ, Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы, «Жансая» шипажайы, мектептер мен балабақшалар комбинат есебінен бой көтерді. Осылайша білікті маман, кәсіби кенші, білгір басшы «Ащысайтүстіметалл» комбинатын 18 жыл бойы басқарып, абыройлы қызмет атқарады.13719701_1013559668760372_9016096947550613276_oМерекелік шара қаладағы Абай даңғылынан 2015 жылы ашылған «Кеншілер» аллеясындағы ескерткіштерге гүл шоқтарын қоюмен басталды. Содан кейін қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының фоесінде кеншілерге арналған көрме ұйымдастырылды. Сақ Мәуленқұлұлының 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға еліміздің түкпір түкпірінен келген әріптес, замандастар достарының қарасы қалың.
    Алғашқы сөз кезегін алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды елбасы Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хатын тапсырып, кеш иесін айтулы күнімен құттықтады. Сонымен қатар облыс әкімдігінің аппарат басшысы Е.Әлімқұлов облыс әкімі Б.Атамқұловтың арнайы құттықтау хатын тапсырды. Тірі тарих тұлғасы Сақ Мәуленқұлұлын құттықтаған хаттар бұнымен шектелген жоқ. Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевтың, ОҚО «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары атынан, сонымен қатар Ресей елінде қызмет жасап жүрген бұрынғы бір топ қызметтес достарының құттықтау хаттары табысталды.13698082_1013559678760371_5295777443339231609_oҚала әкімі Ә.Мақұлбаев «ардақты Сақ Мәуленқұлұлы сізді 90 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз бар ғұмырыңызды кен өндіру ісіне, осындай әсем қаланың қалыптасу жолына арнадыңыз. Жас кезіңізден еңбекке араласып, тылда жүріп тынымсыз еңбек еттіңіз.» деп жасаған еңбегіне атап өтті. Жиында Сақ Мәуленқұлұлына «Кенші даңқ» орденіні табысталып, «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды.13725006_1013560042093668_1516757043782607990_oСалтанатты жиында кенші ардагер жайында деректі бейнефильм көрсетіліп, жасаған еңбектері жайында паш етілді.
    Өткен ғасырдың дәл ортасында бой көтерген кеншілер қаласының атақ-даңқы кен өндіру ісімен тығыз байланысты. Кентаулық аға ұрпақтың әлемді таңдандырған және ешбір ел жаңарта алмаған шапшаң бұрғылау жөніндегі рекорды тарих бетінде алтын әріппен жазылып қалды. Бұл сол уақыттағы кенші-металлургтердің төгілген тері, қолтаңбасы ретінде кейінгі буынға өнеге болып қала береді.
    Сондықтан да Кентау – қиындықтан тайсалмайтын, еңбектен жиренбейтін нағыз еңбекқор, отансүйгіш, ел мен жердің абырой-беделі үшін тау қопарып, тас тескен елжанды еңбек майталмандарының қалашығы, әлеуеті мықты «кадрлар ұстаханасы» аталды.

    Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.