Конкурстық іріктеу негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы басқармасы басшысының бұйрығымен Әнуар Болатханұлы Зейдулла Оңтүстік Қазақстан облысы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Әнуар Зейдулла 1987 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жетісай қаласында туылған, мамандығы қаржыгер, экономист. Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2015 жылы Ұлыбританияның Суррей университетінде (University of Surrey) экономика магистрі біліктілігін алған.
Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде сарапшы болып бастаған.
2010-2015 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде сарапшы, бас сарапшы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде басқарма басшысы қызметтерін атқарған.
2015 жылғы қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінде директор орынбасары болып еңбек етіп келді.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...