Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Қалалық білім бөлімі жанынан «WhatsАpp» қызметі ашылды
    Жаңалықтар

    Қалалық білім бөлімі жанынан «WhatsАpp» қызметі ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа15.07.2016334 Views

    Қала әкімдігінің кезекті мәжілісінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу туралы әңгіме болды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында жасөспірімдер арасындағы қылмыс, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу (суицид) және мектеп жасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева баяндама жасады. Алқалы жиында мектеп оқушылары арасындағы қылмыстың туындауына түрлі интернет желісіне кіретін смартфондар себеп болып отырғандығы айтылып, ата-аналар комитеті арқылы бұл іске тосқауыл қою жағы талқыға салынды.
    Білім бөлімі мен құқық қорғау органдары бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қаламызда жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту жұмыстары оң нәтиже беріп келеді. Бұл туралы қаланың бас ұстазы айтып өтті. Мәселен, 2016-2017 оқу жылына арналған кешенді іс-шара жоспары бойынша кәмелетке толмаған оқушыларға және олардың заңды өкілдеріне құқықтық кеңес беру жадынамасы жасалып, үздік мектептердің тәжірибесін жинақтап, мектеп психологтарына, сынып жетекшілеріне, ата-аналарға және оқушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар дайындалған.13726657_1760713624174997_1183603274708324077_n-«Ата-аналармен білім мекемелері арасындағы пікірлесуді дамыту үшін білім бөлімі жанынан «WhatsАpp» / 8 771 828 58 85 / қызметі ашылып, келіп түскен ақпараттар негізінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді», — дейді Жанат Арысбекқызы.
    Қаланың бас ұстазы өскелең ұрпақ үшін отбасындағы тәрбиеден тыс өзін қоршаған ортадағы тәрбиенің де маңызы зор екендігін айта келе, ағымдағы жылдың 25-ші тамызынан бастап қала аумағындағы халық көп шоғырланатын орындарға, көше бойларына бейне роликтер мен баннерлерді орналастыру үшін ішкі саясат бөліміне ұсыныс енгізілгендігін жеткізді. Сонымен қатар, білім бөлімінің басшысы ішкі істер басқармасы, қалаға қарасты аудан әкімдіктері, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ішкі саяса бөлімі, денсаулық сақтау басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар бірлесіп ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударуға шақырды.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.