Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-Министрі 14 шілде күні Ұлан-Батыр қаласында өтетін XI АСЕМ саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді. Айтар болсақ, Өлгей қаласы орналасқан облыс халқының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайтынын атап өткен жөн. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7% бөлігін қазақтар құрайды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Моңғолия басшылығы диаспора мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі таңда облыста 43 орта мектеп бар, онда 1-4 сыныптар аралығында оқушылар қазақ тілінде, ал 5-11 сыныптар аралығында моңғол тілінде оқытылады. Сонымен қатар қалада қазақ тіліндегі «Жаңа өмір» газеті жарық көреді.
Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет Өлгей қаласындағы селден зардап шеккен отбасыларға қаржылай көмек көрсететінін атап өтті. Премьер-Министр жақын күндері көрсетілетін қолдау қандастарымызға табиғи апат салдарын жоюға жәрдемдеседі деген үмітін білдірді.
Ақпарат ҚР Премьер-Министрдің ресми сайтынан алынды.