Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте «Шымкент Bus» жаңа транспорттық компаниясы құрылуда
    Жаңалықтар

    Шымкентте «Шымкент Bus» жаңа транспорттық компаниясы құрылуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.07.2016234 Views

    Шымкент қалалық әкімдігінде муниципальді автопарк қызметін үйлестіру бойынша қала әкімдігі мен «Green Bus» ЖШС мекемесі арасында екіжақты меморандум жасалды. Алдымен жергілікті БАҚ өкілдері үшін брифинг ұйымдастырып, аталмыш шараның маңыздылығын жеткізген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров және «Green Bus» ЖШС мекемесінің басшысы Бақыт Бектаев өзара әріптестік туралы келісімге қол қойды. Айта кетейік, «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасына»сәйкес, қала аумағында жолаушылар көлігінің қызметін үйлестіретін муниципальді автопарк ашу жөнінде айтылған еді. Ендігі жерде бұл қызметті қала әкімдігі мен «Green Bus» ЖШС мекемесі бірлесе қолға алатын болды. Яғни, ондағы қызметтің 49 пайызы қала әкімдігінің, 51 пайыз үлесі «Green Bus» ЖШС мекемесіне тиесілі болмақ.
    — Ең бастысы, муниципальді автопарк қызметін іске қосу — қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға айтарлықтай оң ықпалын тигізбек. Мұндағы арнайы конкурс арқылы жаңа бағытқа қойылған қоғамдық жолаушы тасымалдаушы автобустар метан газымен қозғалатын болады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де арнайы жабдықталған автобустарды бағытқа қою жоспарлануда, — деп атап өтті Нұралхан Оралбайұлы.
    Жобаның алғашқы кезеңі аясында жыл соңына дейін 10 бағыт бойынша 150 автобус пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, Бас жоспарға сәйкес, қалаға жаңа қосылған елдімекен тұрғындары қоғамдық жолаушылар көлігімен жүйелі түрде қатынау мүмкіндігін иеленетін болады. Жобаның алғашқы кезеңінде мұндай мүмкіндікке ие болатын елдімекендер қатарында «Жаңаталап», «Текесу», «Қайнарбұлақ», тағы басқалар бар.

    Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.