Бүгін 13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің құрылған күні
Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті ел тыныштығының сақшылары!
Мемлекетте бейбітшілік пен татулықты, ұлттық қауіпсіздікті бекемдеуде, әрбір азаматтың құқығы мен еркіндігін сақтап, бәрінің заң алдында теңдігін қалыптастыруда Сіздерге артылар жүк ауыр.
Құрамына барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы бөлімшелер мен оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелері кіретін Комитет қызметкерлері еліміздің тыныштығы үшін күндіз-түні талмай қызмет етуде.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған 24 жылда – даму мен қалыптасудың, тұрақты жетілудің жылдарына айналды. Осынау қызығы мен қиындығы қатар жүретін қызметте аянбай еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Отан үшін отқа түсуге даяр азаматтарымыздың отбасына амандық, қызметіне абырой тілеймін!
Ізгі ниетпен,
ОҚО әкімі Б.Атамқұлов