Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»84 түлек ОҚО әкімінің білім грантына ие болды
    Жаңалықтар

    84 түлек ОҚО әкімінің білім грантына ие болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.07.2016316 Views

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 84 мектеп бітірушісіне ақысыз оқуға мүмкіндік беретін облыс әкімінің білім гранттары табысталды. Түлектерге жолдамаларды облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков табыстап, игі бастамаға қолдау көрсеткен 12 жоғарғы оқу орнының басшыларын облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.13680138_1011194455663560_1065681106922257852_o«Биылғы түлектердің мектеп бітіру уақыты – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Демек, биылғы жыл еліміз үшін де, біздің түлектер үшін де маңызды әрі сәтті болады деген ойдамын. Сіздер Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшылары екендеріңізді еш уақытта естен шығармаңыздар. Себебі, Елбасымыз жастардың білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуын үнемі айтып отырады. Білім арқылы сіздер еліміздің үлгілі азаматы болады деп сенемін», — деді Ұ.Сәдібеков.
    Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты мен Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінен 15 орыннан 30 орын бөлінсе, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 10 білім грантын тағайындаған. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен «Сырдария» университеті 8 гранттан 16 орын дайындаса, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 6 грант, Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті мен «Мирас» университеті және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінен 5 орыннан 15 білім гранты табысталды. Ал «Шымкент» университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы 3 орыннан 6 білім грантын бөлсе, М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-да 2 түлек тегін оқитын болады.13680163_1011194462330226_1664350126894252932_oАйта кету керек, 2015-2016 оқу жылында облыста 199 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (28-і балалар үйлері түлектері) 11-сыныпты бітірді. Олардың 84-ы облыстағы жоғарғы оқу орындарына, 100-і колледждерде, 6-ы республиканың басқа өңірлерінде білім алуға, 9-ы жұмыс істеуге ниет білдірді. Жоғарғы оқу орындарында оқуға ниет білдірген 128 түлектің 90-ы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 50 балдан жоғары жинады.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.