Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары 100 көпір жөнделген
    Жаңалықтар

    ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары 100 көпір жөнделген

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.07.2016264 Views

    Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт мәлімдеді.

    Оның айтуынша, 1999 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мақтарал ауданы мен Шымкент қаласын қосатын және республиканың басқа да аймақтарына шығатын ұзындығы 53 шақырым болатын Қызыләскер – Киров автомобиль жолының құрылысы салынып, 2001 жылы пайдалануға берілді. Бұл жоба еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Сонымен қатар, 2009-2013 жылдар аралығында Арыс қаласындағы облыстық маңызы бар 36 шақырымдық автомобиль жолы қалпына келтірілген. Осы жылдар ішінде Бәйдібек ауданындағы Қошқар ата – Кеңсай – Жамбыл облысының шекарасы жолының 15,8 шқ. мен Шардара қаласындағы Сырдария өзенінің екі жағалауын қосатын көпір және Отырар ауданындағы Балтакөл елді мекені мен Түркістанды қосатын көпірдің құрылыстары жүргізілген.

    Баспасөз мәслихатында басқарма басшысы облыста автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 20 987,3 шқ. құрайтындығын айтты. Осы жолдардың 786 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар болса,  4 330,3 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар болып отыр. «Елбасының тапсырмасына сәйкес елімізде «Жол картасы» бағдарламасы іске асырылып, жергілікті маңызы бар жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесі көбейген, ал тозығы жеткен жолдар қайта жаңартылды. Яғни, бағдарлама аясында жергілікті маңызы бар 1 511,8 шқ. автомобиль жолдары мен 15 жасанды имараттар жөндеуден өткен», -деді Н.Байғұт. Жалпы 2000-2015 жылдары облыс жолдарына 151 млрд. теңге бөлініп, 9 176,5 шқ. жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде, 100 көпірдің жөндеу жұмыстары және 45 көпірдің құрылысы жүргізілді. Осы жұмыстар кезінде тек үлкен, күретамыр жолдар ғана істеліп қойған жоқ. Облысымыздың барлық елді-мекендерінің ішкі жолдары қалпына келтірілді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.