Үздік дамханалар саласының майталманы, Елордадағы бірнеше атақты ресторандар жүйесінің иесі «Good Project» компаниясының жаңашылдықтарының ұйытқысы болған Гурген Басенцян Шымқалаға табан тіреді.Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен болған кездесуде ол Шымкентте соңғы үлгідегі ресторан ашуға қызығушылық танытты. Басенцян мырза шымкенттіктерді өзінің гастрономиялық өнерін бағалай білетіндігіне сенімді. Гурген Басенцян Қазақстандағы үздік 50 табысты азаматтың қатарына кіреді. Грузиядан шыққан аспаз — ерекше мәзір мен жаңа философиялық қызмет көрсететін әйгілі «Мясо» және «Мед» атты ресторандардың негізін қалаушылардың бірі.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі