Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жиын болып өтті. Мəжілісте мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен атқарылған жұмыстар жайы талқыланды. Сонымен қоса мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынатын мекеме қызметкерлерінің этикаға сай өз деңгейінде жұмыс атқармайтындығы жəне халыққа қызмет көрсету кезінде орын алатын кемшіліктері айтылды. Өз кезінде облыс басшысы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру мақсатында әр тоқсан сайын жауапты мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды тапсырды. Айта кетейік, жалпы облыстық жергілікті атқарушы органдар тарапынан 2015 жылы мемлекеттік 163 қызмет түрі көрсетіліп келсе, осы жылы олардың саны 174 жеткен. Ал жыл басынан бері ұсынылған қызметтердің жалпы саны 8,2 млн. құраған.
ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»
Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...










