Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Нұржан Асибеков айтты. Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 320 су айдындары болса, оның 41 су қоймасы, 16 көл, 82 өзен, 181 канал. Ал осы су қоймалардың яғни, Тоғыс, Бадам, Шардарада жедел – құтқару жасағының құтқару бекеттері ұйымдастырылған.
«Облыс аумағында өткен жылға қарағанда биылғы жылы жазатайым оқиғадан қайтыс болған адам өлімі көбейген, соның ішінде бала өлімі көп. Орташа есеппен алғанда 2016 жылдың басынан бері 35 адам суға батқан оның ішінде 26 жөс өспірімдер. Оқиғаның көбісі шомылу аймақтарынан тыс жерде орын алған», — деді Н.Асибеков
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында төтеншеліктер орын алған жағдайдың көбісі ересектердің қарауынсыз қалдырылған балалардың каналдарда, үйдің жанында ағатын арықтарда, бассейнде суға бату жағдайы екенін айтады. Сондықтан олар барша тұрғындарға арнайы белгіленген жерде шомылып, сақ болуға шақырды. Және ата – аналарға балаларын қараусыз қалдырып кетпеуді сұрады.
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...