«Прокуратураға үздік кадрлар!». Нақ осы тақырып аясында ҚР Бас прокуратурасының ұйымдастыруымен онлайн конференция өтті. Мақсат — заң талаптарының орындалуын қадағалаушы органға білікті жас мамандарды тарту болып табылады. Осы орайда онлайн жүйесінде өткен жиынды еліміздің барлық облыстарындағы прокуратуралар тэлекран арқылы көруге мүмкіндік алды. Айта кету керек, бұл жиынды ОҚО-ның прокуроры Ибраһим Иманов та өңіріміздің жоғары оқу орындарында құқықтық салада білім алып жатқан студенттермен бірге тамашалады. Ал Астана қаласында өткен жиында білікті мамандарды іріктеу, сапалы кадрлар даярлау мәселелері төңірегінде бірқатар баяндамалар жасалды. ҚР-ның бас прокуроры Жақып Асановтың айтуынша, жыл сайын елімізде прокуратура органдарына 300-дей жас маман жұмысқа қабылданады. Алайда құқықтық салалар бойынша бітіріп шығып жатқан мамандар саны бұл көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. Яғни орта есеппен прокуратура саласындағы бір бос орынға 60 маманнан келеді. Алайда солардың ішінен осы бір жауапты қызметке іскер, білімді, кез келген ортада белсенді жұмыс жасай алатын азаматтарды таңдап алу басты міндеттердің бірі.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ XI «АЙБЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНА ҚАТЫСТЫ
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты....