23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Бүгінде Шымкент қаласында 500-ден астам мемлекеттік қызметші бар. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов оларды төл мерекесімен құттықтап, 40-қа жуық маманға Алғыс хат табыстады.
— Мемлекеттік қызмет – әрбір ел үшін өте маңызды институт.Елдің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор. Сондықтан қаланың дамуына атсалысып, білім мен жігерін елдің қалыптасуына арнағандарыңыз үшін алғысымды білдіріп, мерекемен құттықтаймын. Халық алдындағы міндетімізді барынша жауапкершілікпен атқаруға шақырамын, — деді қала әкімі Ғ. Әбдірахымов.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді спортпен тұрақты түрде айналысуға шақырып, қаладағы ең танымал үш фитнес-клубқа 30, 35, 50 пайыздық жеңілдік сыйлады. Салтанатты шарада мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мамандар Ант қабылдады. Концерттік бағдарлама ұсынылды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі