ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Нығматуллиннің палата спикерлігіне сайлануына бір ауыздан дауыс берді. «Дауыс беруге 102 бюллетень таратылып, оны санау кезінде барлық бюллетеньдер жарамды және барлығы да «қолдап» дауыс бергендігі анықталды. Сөйтіп, құпия дауыс беру нәтижесінде, Нығматуллиннің кандидатурасы қажет дауыстарды жинады. Есептеу комиссиясының №3 хаттамасын бекітулеріңізді сұраймын», — деді депутат Асқар Базарбаев палатаның сәрсенбі күнгі алқа отырысында. Еске салсақ, кеше елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының мәжілістегі фракциясына Нұрлан Нығматуллиннің кандидатурасын палата спикерлігіне ұсынды. Өз кезегінде фракция депутаттары оның кандидатурасын қолдады. Н. Нығматулин 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін мәжіліс спикері болған. Одан соң ҚР Президент әкімшілігінің жетекшісі болған.
Ақпарат көзі: ҚазТаг.