Сапалы жолдар — жол қозғалысы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігінің жəне өмірі мен денсаулығының кепілі! Осыған байланысты қала əкімі Ғ.Əбдірахымов қаладағы көшелерді аралап көріп шықты. Жолдардың жағдайын тексеру барысында бірнеше кемшіліктер анықталды. Мысалы, Əл-Фараби көшесінде аяқ жолдың плита тақтайшалары толығымен қойылмаған жəне жолдың жағасындағы арықтардың беттері темір торлармен жабылмағандықтан, адамдар аяқ жолдарға шығу үшін арықтардан аттап өтуге мəжбүр болуда. Сонымен қатар, бірнеше автобус аялдамаларында отыратын орындықтардың жоқтығы анықталды. Осы орайда, қала басшысы Шымкенттің көшелері заманауи мегаполиске лайықты болу қажеттігін атап өтті және сала мамандарына алдағы уақытта орын алған кемшіліктерді жойып, жолдың жағдайын үнемі бақылап отыруды тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі