Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Ендігі жерде қала әкімдігінің www.shymkent.gov.kz арнайы сайтындағы онлайн режим арқылы Шымкент қаласы аумағында жаңа салынып жатқан не болмаса жөндеу жұмыстары жүріп жатқан әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысып, сонымен қатар, көшелерде, қоғамдық орындарда орын алған түрлі жағдайлар бойынша толыққанды мәлімет алуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сайттың бастапқы бетіндегі «Бейнебақылау» тармағын басыңыз. ІТ-технология сізге тәуліктің кез-келген мезгілінде құрылыс нысанындағы жүріп жатқан жұмыстарды бақылауға мүмкіндік береді. Арнайы портал әкімшілігінің сараптамасы бойынша аталмыш жүйе қоғамдық бақылаудың әлеуетін онан әрі арттырмақ. Айта кетерлігі, мұндай қоғамдық бақылау жүйесі елдегі мемлекеттік мекеме сайттарының ешбірінде тәжірибеге енгізілген емес.
Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты