Шымкенттегі жеңіл атлетикалық спорт кешенінде бокстан жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.Биыл 7-ші рет өткізіліп отырған чемпионатқа еліміздің барлық облысынан 180-нен аса спортшы қатысты. Олар 11 салмақ санаттары бойынша күресті. Салтанатты марапаттау рәсіміне қала әкімі Ғабидолла Абдрахымов пен Қазақстанның атақты боксшысы, 2000 жылғы олимпиадалық чемпион Ермахан Ыбрайымов қатысты. Мысалы, 46 кг салмақ санатының жеңімпазы алматылық Дамир Әбдіқадыр атанса, 49 кг салмақ санатының жеңімпазы Жамбыл облысының спортшысы Хамит Рустам және 52 кг – Ақмола облысынан Оразбек Ашылқұлов атанды.
Чемпионаттың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен қатар әкімнің мақтау грамоталарымен марапатталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі