Таяуда ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.Байғұттың төрағалығымен облыстағы жолаушыларды заңсыз тасымалдайтын автокөліктердің жұмыстарына тосқауыл қою тақырыбында жиын өтті. Отырысқа өңірдегі аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен құқыққорғау салаларының өкілдері қатысты. Жиында аудан, қалалардағы жолаушыларды заңсыз тасымалдау мәселесі талқыланды. Нәтижесінде, заңсыз тасымалға тосқауыл қою мақсатында жоғарыда аталған мекемелердің өкілдерінен құралған мобильдік топ құрып, осы жылдың маусым айының 15-30 күндері аралығында облыс бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу жөнінде шешім қабылданды.
ҮЗДІК ӘУЛЕТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Шымкентте «Отбасы күні» мерекелік іс-шарасы өтті. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған. Мақсаты –...