Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ АІІБның полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізу барысында мал ұрлығымен айналысатын екі күдіктіні құрықтады. Олар 1995, 1996 ж.т. Созақ ауданының тұрғындары, кінәларын толық мойындады.Полицейлердің анықтауынша, жас азаматтар бір жүйе бойынша әрекет жасаған: жергілікті тұрғындардың жайылымына түн уақытында барып, иелеренің жоқтығын пайдаланып, жылқы, сиыр секілді өзге де малдарын ұрлап отырған.Сонымен, өткен жылдың желтоқсан айында Созақ ауданы орталығында тұратын жергілікті тұрғынның жолда жайылып жүрген жалпы құны 300 мың теңге болатын екі сиырын ұрлаған, арада екі ай өткен соң мал ұрлықшылар жергілікті тұрғынның құны 150 мың теңге тұратын сиырын ұрлаған.
Барлық ұрланған малдарды базарға сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған.
Тергеу барысында күдіктілердің жалпы құны 3 миллион теңге болатын 14 мал ұрлығы жайтына қатыстылығы анықталды. Бүгінгі таңда аталған жайт бойынша ҚК ҚК 188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД баспасөз қызметі