Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкенттегі құқық қорғау қызметі бес айды қорытындылады
    Жаңалықтар

    Шымкенттегі құқық қорғау қызметі бес айды қорытындылады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.06.2016Updated:16.06.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қала аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі Шымкент қаласы әкімдігінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде жан-жақты талқыланды. Күн тәртібіне сәйкес, қалалық жергілікті полиция қызметінің қоғамдық тәртіпті сақтаудағы жұмыстары сараланды. Жиында алдымен Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Арман Бейсенбаев 2016 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс деңгейі 9601-ден 10 777-ге, яғни 12, 2 пайызға жоғарылап отыр.  2015 жылмен салыстырғанда 1176 қылмысқа артты. Оның 53,1 пайызы бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы, оның 17 пайызы ашылды. Ал алаяқтық 16,6 пайызды құрады. Оның 58 пайызы ашылды. Бүгінгі таңда алаяқтық қылмыстарын тергеу бойынша Шымкент ҚІІБ-да жедел тергеу тобы құрылған. Оның құрамына 15 тергеуші, 3 анықтаушы, 8 жедел уәкіл кіреді. Оларға тікелей алаяқтық қылмыстарын ашуға бағытталған міндеттер жүктелген, — деді Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Арман Бейсенбаев.
    Бұдан бөлек, бес айда 413 жол көлік-оқиғасы тіркеліп, 30 адам өмірмен қош айтысқан. 500-ден астам адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен. Басқарма бастығы жол көлік апаттары айналма жолдарда жиі болатынын, алдын алу үшін түрлі шаралар қолға алынып жатқандығын жеткізді. Одан кейін жергілікті полиция бөлімінің басшысы Данияр Мейірхан мен қала әкімі аппаратының құқықтық бөлімінің басшысы Нұралы Қырғызәлиевтың баяндамалары тыңдалды. Жергілікті полиция бөлімінің басшысы Данияр Мейірхан тұрғындарды жол қозғалысы ережесін бұзбауға, ұсақ заң бұзушылыққа нөлдік төзімділік танытуға шақырды. Айтуынша, қылмыстың алдын алуға арналған WhatsApp желісіндегі телефон нөмірге түрлі тақырыптағы 353 хабарлама түсіп, оның 175-і бойынша тәртіп бұзушыларға қатысты шара көрілген.13403185_1748717578707935_2729884726677603742_o Мәжіліс соңында қылмыстық іс-әрекеттердің алдын алу бойынша ұсыныстар айтылды.
    – Қылмыстың алдын алу, полиция жұмысын жандандыру – бәріміздің ортақ мақсатымыз. Бірақ қылмыспен күресудегі нәтиже көңіл көншітпейді. Сондықтан жаңа жүйеге көшіп, жаңа технология енгізуіміз керек шығар, — деген қала әкімі Ғ. Әбдірахымов сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктеді.

    Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.