Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте қатты жел салдарынан 300-ден астам ғимарат зардап шекті
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте қатты жел салдарынан 300-ден астам ғимарат зардап шекті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.06.2016Updated:15.06.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысында кеше түнгі сағат 22.30 бен 23.25 аралығында желдің екпіні 25-30 м/с дейін соқты. Қатты желдің салдарынан Отырар, Бәйдібек аудандары мен Түркістан қаласында 300-ден астам ғимараттың шатыры ұшып, ағаштар мен бағаналар құлады. жел4Бүгін өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов пен ОҚО ТЖД бастығы А.Путейко Отырар ауданында болып, кеше түнде қатты желдің салдарынан зақымданған нысандардың жағдайымен танысты.желОқиға орнында жүрген арнайы жұмыс тобы мұнда тұрғын үйлер мен 4 мектеп, 1 балабақшаның, сонымен қатар, Маяқұм ауылындағы №30 жекелеген өрт сөндіру бекетінің шатыры ұшып, ғимараттарға айтарлықтай зиян келгенін анықтады. Ал Түркістан қаласы мен Бәйдібек ауданындағы 1 нысанға қатты зиян келгені белгілі болды.жел3

    Табиғаттың тосын мінезінен болған оқыс оқиғаның салдарына куә болған аймақ басшысы жауапты сала мамандарына жеке тұрғын үйлердің шығындарын тіркеуге алып, істі бақылауға алу арқылы жергілікті халыққа барынша жағдай жасау керектігін тапсырды.жел2ОҚО ТЖД мамандарының алдын ала мәліметінше, күшті желден толық немесе жартылай ғимараттардың шатырлары ұшып кеткен. Атап айтқанда, тұрғын үйлерге, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге, емдеу мекемелері мен мемлекеттік мекемелерге, коммерциялық объектілерге, ағаш және электр бағаналарға зиян келтірілген. Аталған жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында. Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы комиссия құрамы жұмыс жүргізіп, келтірілген шығынның көлемін анықтап жатыр. Зардап шеккен адамдар жоқ. «Қазгидромет» орталығы мамандарының болжамынша, мұндай ауа райы өңірде әлі екі күнге созылады.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.