Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымымен Шекара қызметі басшыларының мәжілісі өтті
    Жаңалықтар

    Шымкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымымен Шекара қызметі басшыларының мәжілісі өтті

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.06.2016Updated:08.06.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-мемлекеттердің шекара қызметі басшыларының төртінші мәжілісі болып өтті.  Ал оған қатысушы алты мемлекеттің, яғни Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің өкілдерін өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов арнайы қарсы алды. Мәжілістің негізгі мақсаты нақ осы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің шекарасындағы жағдай туралы өзара ақпараттармен алмасу болып табылады. Сондай-ақ  шекаралық аймақтарға еніп, өздерінің заңсыз іс-қимылдарын жүзеге асыруға тырысатындардың жолын кесуге бағытталған өзара ынтымақтастық пен іс-қимыл туралы іс-шаралардың барысын талқылауға арналған. Мұнымен қоса тараптар атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, алдағы уақытта атқаратын басқа да жоспарларды пысықтайды. Осындай маңызды мақсат міндеттер жүктелген мәжілісті облыс әкімі алғысөзбен ашып берді.

    Мәжіліс қорытындысы бойынша Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекараларын күзетуге, тероризмге, сепаратизмге және экстремизмге қатысы бар тұлғалардың өтетін арналарын кесуге бағытталған, практикалық ынтымақтастықты күшейтуге арналған бірқатар құжаттарға қол қойылды. Осылайша Шекара қызметі басшыларының кездесуі сындарлы жағдайда өтіп, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы шекараларын күзетуге арналған нақты қадам болды деп айтуға негіз бар.

    Абай Омар

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.