«Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында өткен жылы 145 жас маман жұмысқа орналасқан. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты мекемесінің БАҚ өкілдерімен өткізген жиынында мәлім болды. 2013 жылдың шілде айында бастау алған бұл жобаның негізгі мақсаты, жас мамандар мен жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының түлектерін іс-тәжірбиеге жіберу арқылы, тұрақты жұмысқа орналастыру. Ал, аталған жоба құрылғаннан бері еліміздің барлық аймақтарынан осы жоба арқылы жұмыс іздеуге 5130 адам ниет білдіріп, оның 1669-ы мемлекеттік органдармен, ұлттық компанияларда тағылымдамадан өткен. Ал, толыққанды жетім болып табылатын оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыруды «Сәтті қадам» партиялық жобасы 100-пайыз орындайды дейді «Жас отан» Жастар қанаты Қоғамдық бірлестігін төрағасы.
ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ
Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...