Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жерді Қытай азаматтарына беру туралы қауесетке байланысты Асқар Мырзахметов пікір білдірді
    Жаңалықтар

    Жерді Қытай азаматтарына беру туралы қауесетке байланысты Асқар Мырзахметов пікір білдірді

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа28.05.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Асқар Мырзахметов жерді қытайлықтарға беру мәселесі жөнінде ойын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өтіп жатыр. Комиссия мүшелері жерді ауыл шаруашылық мақсатында жалға беру мәселесін талқылады.

    Бүгінгі отырыс барысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан Қазақстанға қытайлық делегацияның не себепті келгенін, оның жерді беру мәселесіне қандай қатысы бар екенін сұрады.

    «Ақпарат құралдарында Ақмола және Алматы облыстарында қытайлық тараппен келісімшартқа қол қойылғаны жазылып жатыр. Мен ресми түрде сұрағым келеді: мораторий жариялағаннан кейін келісімшартқа неліктен қол қойылады? Егер қандай да бір келісім болған жағдайда, оны жариялап, қандай келісімшарт екенін айтып, оған қандай талаптардың кіргенін мәлімдеу керек, бұл сұрақ қазір барлығын толғандырып отыр», — деді Мұхтар Тайжан.

    Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов белгілі бір құжаттарға қол қойылғанын, оны жер мәселесіне қатысы жоқ екенін айтып өтті.

    «Біз қытайлық тараппен сауда-экономикалық даму мәселесіне қызығушылық танытамыз, сонымен қатар олар бізбен шекаралас ел. Олармен біз сауда, экономикалық даму жөнінен серіктеспіз. Бұған дейін олармен аз келісімшарт жасасқан жоқпыз. Бұл елге арнайы талаптар қойып отырмыз. Қазақстандық тарап танытып отырған барлық нормаларды ұстанамыз», — деді жауабында Мырзахметов.

    «Қытайлық тарапқа келетін болсақ, комиссия келіп, біздің өнімдермен танысты, кәсіпкерлермен сөйлесіп, өңірлерді аралады. Біздің өнімдердің — еттің, бидайдың Қытай нарығына барып жатқанын талқыладық. Олармен жасалған келісімшартқа келетін болсақ, оның жер мәселесіне еш қатысы жоқ. Тек азық-түлікке қатысты. Бұл біздің ішкі құжаттар», — деді Асқар Мырзахметов.

    Мәселені талқылау барысында премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев шетелдіктермен жер беру мәселесі талқыланбағанын тағы айта кетті.

    «Кеше ғана Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесін өткізіп, шетелдіктерді біздің елге инвестиция құюға шақырды. Ешкім жерді шетелдіктерге сатайын деп жатқан жоқ, бізде бұған заңмен шектеу қойылған. Мен комиссия мүшелерінен осыны түсіндіру жұмыстарымен айналысуды сұраймын», — деді Бақытжан Сағынтаев.

    Еске салайық, биыл 6 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.

    «Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге мораторий жариялансын», — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
    Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/jerd-kyitay-azamattaryina-beru-turalyi-kauesetke-270019/

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.