Шетелдіктерге жерді алдымен 10 жылға жалға беру керек. Осы уақыт аралығында барлық талапты орындап, жаңа технологиясын әкеліп, пайдасын тигізетін болса ғана келісімшартты созуға болады.
Бұл туралы 24 арна хабарлайды.
Бүгін елордада өткен Жер туралы комиссияның отырысында сенат депутаты Қуаныш Айтаханов осылай деді. Оның айтуынша, облыс әкімі қоғамдық кеңеспен бірлесіп, инвестициялық жобамен танысқаннан кейін ғана шешім қабылдауы тиіс. Ал жерді бөлу жағынан аудан әкімдерін босату керек.
«Жан-жақты талқылап болғаннан кейін барып оны шетелдіктерге жалға беруге болады деп ойлаймын. Ал енді кімге беру керек дегенге тоқталсақ, Моңғолияда заң бар ғой, сол сияқты шекаралас елдерге болмайды деп жазып қойсақ. Екіншіден, шекаралас аудандардан болмайды деп жазып қойсақ. Осы екі мәселе дұрыстап жазылатын болса, соны заңға енгізетін болсақ, бұл жөнінде мәселе шешіледі деп ойлаймын», — деді сенатор Айтаханов.